Без категории

Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына арналған фестиваль өтеді

 

М.Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік деген 17 сайыскер қатысады. Біздің өңірдің намысын мектеп мұғалімі Теңдік Құлмағамбетова мен айтыскер ақын Аманжол Зағыпар қорғайды. Республикалық жарыс мамырдың 29-ы С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада басталады. Мұнда ақиық ақынның өмір мен өнер жолына арналған конференция өткізілмек. Сол күні қонақтар “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешені және облыстық “Қызылжар” орталық мешітімен танысады.

 

Біржан Қойшыбаев, тілші:

Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған басты мерекелік бағдарлама 30 мамыр күні өтетін болады. Дәл осы күні мына вокзал маңы алаңындағы Мағжан ескерткішіне құрметті қонақтар мен конкурсанттардың қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі өтетін болады.

 

Кейін, меймандар ақынның туған жері Сарытомар аулына барып, Мағжанның мұражайын аралайды. Ал, байқауға қатысушылардың өнері мамырдың 30-ы Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтетін сайыста сыналады.

Жеңімпаздар облыс әкімінің атынан диплом және сыйақылармен марапатталады. Бас жүлде – 300 мың теңге.

 

Біржан Қойшыбаев