Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіс жұмыстары ортасынан ауды

 

Алда Айыртау ауданы. Олар бар жұмыстың 78,9 пайызын игерген. Одан кейін Мамлют ауданының диқандары да 68,3 пайызды егіп, көш басындағылардан қалыс қалар емес. Есілдіктер мен қызылжарлықтар жұмыстың 67 пайызын тындырыпты. Ал, майлы дақылдардың тұқымы 385 мың 900 гектарға сіңіріліп, жоспар 105 пайызға артығымен орындалды. Картопты отырғызу 97,3 пайызға іске асса, өзге көкөністер 5,1 мың гектардың 4,3 мыңына егілген. Алқаптарды өңдеу де сәтті жүзеге асып жатыр. Мәселен, 245 мың гектарға 14 мың тонна минералдық тыңайтқыш шашылыпты. Жалпы, егіс науқанына 4,5 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды, –  деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.

 

Қызылжар ауданының диқандары биыл 187 мың Га дәнді дақыл себеді. Оның 150 мыңы бидай. Бүгінде тұқымның 76 пайызы сіңірілді.  «Зенченко және К»  КС маңызды науқанды тәмамдауға жақын.

 

“Зенченко және К” КС қолайлы ауа райын пайдаланып  қалуға асық. Маңызды науқанға мамырдың 17-і кірісіп кетіпті. 15 мың гектардан артық алқаптың 10 мыңына бидай егіліп жатыр. Қалған егінжай майлы дақылдар мен мал азығының үлесінде.

 

Виктор Жұмағұлов, “Зенченко және К” КС бас агрономы:

Тәжірибеміз бен ауа райы болжамын ескеріп, бидай сіңіруді мамыр айынан қалдырмай аяқтау керек. Өйткені маусымға шығып қалсақ, құрғақ жер астықтың кілегейлігі мен жалпы сапасының төмен болуының басты себебі. Тың технологияларды қолданып жатырмыз. Өңірімізге қолайлы жоғары сұрыпты элиталық тұқым бастырылуда.

 

Қарбалас науқанда әр күн қымбат. Межеленген жоспарға жетуде танап басына шыққан 6 заманауи кешенге үлкен сенім артылып отыр. Жоғары өнімді техникалар тәулігіне шамамен 1200 Га аумақты еңсеріп тастайды екен. Өстіп 10 күнде бар жұмыстың 70 пайызы еңсерілді.

 

Сергей Сергеев, “Зенченко және К” КС механизаторы:

Механизаторлықта жүргеніме 40 жыл болды. Ескі техниканың тілін табу қиын еді. Жаңа дән сепкіші үш есе қуаттты. Топыраққа терең батып, тұқымды аса дәлдікпен салады. Онымен қатар тыңайтқыш шашады. Бұл ылғалды сақтаудың ең тиімді жолы. Бәрі автоматтандырылған. Сондықтан егіннің шығымы біркелкі болуы тиіс.

 

Жалпы қызылжарлық агроқұрылымдардың игілігіндегі осындай 50 кешен мен 103 агрегат қызу жұмыс үстінде. Олармен 187 мың Га алқап игерілуі тиіс. Былтырғы қуаңшылықта жергілікті диқандардың ырыс дәні аса бітік шығыпты. Гектарынан 19 центнерден орылып ,өңір бойынша үздік нәтижеге қол жеткізілді. Биылда мұндағы ауыл еңбеккерлері мол астық бастыруға ниетті.

 

Мұрат Құсайынов, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бастығының орынбасары:

– Бар алқаптың 150 мың Га бидайдың үлесінде. Бүгінде 76 пайызы игерілді. Жанармай мен тұқым қоры толық. Себіліп жатқан дән 100 пайыз дәріленді. Қолайлы ауа райын пайдаланып, егістікті маусымның біріне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

 

Майлы дақылдар мен картоп алқаптарындағы жұмыс толығымен тындырылып қойылыпты.

 

Данаш Хамзина, Жеңіс Ермұқанов