Білім

Инновациялық жобаларды жүзеге асыруға көмек

 

 

 

Қазақстанның инновациялық әлеуетін қолдау мақсатында технологиялық бизнесті дамыту бағдарламасы ел көлемінде үш жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Содан бері оған қатысқан 39 жоба мақұлданып, оның 13-і қазір толығымен аяқталған. Алайда бұл бағдарлама бойынша осы кезге дейін өңірімізден бірде-бір кәсіпкер бағын сынап көрмеген.

 

Азамат Мәулітов, «Астана қаласының аймақтық технопаркі» ЖШС бас директоры:

Бағдарламаның барлық талаптарынан өткен инноваторлар грантқа ие болады. Яғни одан кейін күнтізбелік жоспаржобаны жүзеге асыруға қажетті шығын 1 жылға толтырылады. 6 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 14 миллион теңге қаржы бөлінеді. Жобаны жүзеге асыру үшін 2 жыл уақыт беріледі.

 

Бағдарлама агроөнеркәсіп, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, жеңіл және ағаш өңдеу кәсібі, құрылыс материалдарын өндіру бағыттары бойынша тың жобалар мен ұсыныстарды қабылдайды. Бұл орайда біздің өңірден де алдағы уақытта оған өз жұмыстарын ұсынушылар табылуы мүмкін.

 

Александр Тукачев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылыми жұмыс және сыртқы байланыс бойынша проректоры:

. Бізде электроникамен байланысты бір жоба бар. Оны энергетика кафедрасының жас маманы ұсына алады. Сонымен қатар асфальтбетон сапасын жақсартуға қатысты жобалар бар.

 

Аталған бағдарлама елімізде ғылым мен өнеркәсіптің дамуына үлесін қоспақ.

 

Әспет Әбдірешова