Қоғам

Бір топ бозбала әскерге аттанды

 

 

“Отан үшін қызмет етуге дайынбыз!” деп ұрандаған жастардың бір легі әскери борышын өтеуге аттанғалы тұр. Олардың ішінде Азат Қожақов та бар.

 

Азат Қожақов, әскерге шақырылушы:

Әскерге бару – әр азаматтың қасиетті борышы. Сондықтан әр азамат әскерге бару керек. Әскерде қалатын шығармын келісімшартпен.

 

Қарулы күштердің қатарына шақыртылғандардың алғашқы тобы сәуір айының басында аттандырылған екен. Бүгін жолға шығатын 43 солтүстікқазақстандық құрылықтағы әскерде борышын өтейтін болады.

 

Дулат Ғабдуллин, Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшысы:

Команда кешке жақын пойызбен кетеді. Отар деген станцияға. Қарулы күштердің оқу-жаттықтыру орны бар. Сол жерде болашақ командирлерді дайындайды. Сол жерде 1 жыл әскери қызметін өткереді.

 

Болашақ сарбаздарға сәт сапар тілеуге аға буын өкілдерімен қатар мектеп оқушылары да келіпті. Бүгінгі шара мемлекеттік рәміздердің күніне орайластырылғандықтан, әрбірі қолына мемлекеттік туды ұстаған. Ал, қаланың шығармашылық ұжымдары болса, әскерге шақырылғандарға арнап концерттік бағдарлама әзірлепті. Келесі кезекте ішкі әскерлердің қатарына шақырылған азаматтар борышын өтеуге аттандырылмақ.

 

Айдана Демесінова