Өнеркәсіп

Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстар зауыты “ЭКСПО-2017” көрмесіне дайындалуға қатысады

 

Серіктестік Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің тіреуішін жасауға сәуір айында кірісіп кетіпті. Бүгінгі күнге дейін жұмыстың 40 пайызы орындалған. Негізі көпірге 16 тірегіш қажет екен. Кәсіпорын жауапты істі 5 маусымда аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Азамат Беккужинов, “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты” ЖШС директорының орынбасары:

-Бізге тапсырылып отырған жұмыс оңай емес. Сондықтан да көпірге қажетті тіреуіштерді сапалы етіп жасауға тырысып жатырмыз. Жүктелеген істі уақытылы орындаудамыз. Тапсырыс берушілер біздің кәсіпорында бірнеше рет болды. Істеп жатқан тіреуіштер олардың көңілдерінен шықты.

 

Серіктестік үшін бұл тапсырыс Ресей нарығына шығуға да жол салмақ. Бұл кәсіпорынның қуатын толықтай пайдалануға жол ашады дейді мұндағылар. Мәселен, өткен жылы олар 400 млн теңгенің өнімін шығарыпты. Негізі бұл кәсіпорында 100-ге тарта адам еңбек етеді. Солардың ішінде Қажыбай Мемешов та бар. Аға шебер зауыт қолданысқа берілген күннен бастап мұнда еңбек етуде. Жұмысым да, оған тиісілі еңбекақыма да көңілім толады дейді ол. Серіктестік басшылығы алдағы уақытта “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесінің құрылысына қатыссақ деген ойда. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 

Бану Ахметова