Спорт

Көркем гимнастикадан қала біріншілігі

 

 

Байрақты додаға қатысушылар жеке және топ болып өнер көрсетті. Солардың ішінде «Виктория» БЖСМ тәрбиеленушісі Әнел Сағындықова да бар. Бұған дейін балдық би өнерімен айналысқан Әнелдің спорттың бұл түріне ден қойғанына 2 жыл болыпты. Осы уақытта талай жарыстарға да қатысып көрген. Дәстүрлі қалалық біріншілік 90-ға жуық спортшының басын қосты. Сайыскерлер жас ерекшеліктеріне байланысты үш күндей өнер көрсетеді. Бапкерлер спортшылардың іс-қиымлдарына жақсы баға беріп отыр. Олар гимнастшылардың тәжірибелері жыл санап артып келеді дейді.

 

Светлана Седенкова, көркем гимнастикадан ҚР спорт шебері, бапкер:

– Бүгінгі жарыста әр түрлі мектептерден келген ең жас бапкерлер мен олардың шәкірттері өз бақтарын сынады. Жарысқа көңіліміз толады. Бұл бағытта бірқатар жұмыстың атқарылып жатқаны көрініп тұр.

 

Осы сында жүзден жүйрік атанғандардан облыс құрамасы жасақталады. Кейін олар республикалық  және халықаралық додаларда өңір намысын қорғайтын болады.

 

Айымгүл Әбілева