Қоғам

Ардагерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау

 

Бұл азаматтарға жәрдемдесу үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен 47,8 млн теңге бөлініпті. Қаражат қарияларға тұрмыстық қажеттілік бойынша көмек көрсетуге, коммуналдық және байланыс қызметтерін төлеуге берілетін 4 АЕК көлеміндегі жәрдемақыға, санаторлық-курорттық емделуге, тіс протездеуге жұмсалған. Ағымдағы жылы аталған бағытқа 51,8 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл былтырғыдан 8,3 пайызға көп.

 

Асхат Бакеев, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі:

-Әлеуметтік такси қызметі сұранысқа ие. Өткен жылы 4 мыңға тарта адам бұл қызметті пайдаланған. Биыл “Сәби” қорымен бірлесіп 2 бірлік техника сатып алу көзделген. Сондай-ақ, бүгінгі жиында обелискіге ҰОС-нан оралып, бейбіт өмірде көз жұмған ардагерлердің есімдерін енгізу мәселесі көтерілді.

 

Айдана Демесінова