Без категории

Славян жазуына – 1150 жыл

 

Көрмеге қойылған дүниелердің арасында мына кітап – өте құнды әрі көне. Ол 18-ғасырда ежелгі славян тілімен жазылыпты. Мұнда әр азат жол үлкен қызыл әріптермен басылған.

 

Юлия Пискинова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі:

– 863 жылы Прииск қаласында қазіргі күні Болгарияда тең ағайынды апостолдар Кирилл мен Мефодий славян жазуының пайда болатыны жайында айтқан болатын. Ағалы-інілі жалпыға түсінікті болу үшін қасиетті кітапты бірінші рет славян тіліне аударды.

 

Ежелгі славян тіліндегі кітаптарды тамашалауға мектеп оқушылары да келді.

 

– Маған көрме ұнады мен мұнда бірінші рет болдым.

– Негізі маған жазушы Островский ұнайды. Сондықтан да бүгінгі көрмеден оның да кітабын кездестіргеніме өте қуаныштымын.

 

Гүлбану Ахметова