ТКШ

“Қызылжар су” ЖШС қызметкерлері тұрғындарға кәсіпорынмен жеке келісім-шарт жасау қажеттігін ескертуде

 

Азаматтар аталған кәсіпорынмен келісім-шарт жасасу үшін бірқатар құжаттарды ұсынулары қажет. Өтініште үйіңізде тұрып жатқан адам санын көрсету қажет. Бұл кейін қызмет құнын санау үшін керек. Мәселен, есептеу құралы бар 1 адам судың 3 текшесін пайдалануы мүмкін. Оның әрбіреуіне 41 теңгеден ғана төлейді. Ал, мұндай арнайы құрылғысы жоқ тұтынушылар судың 7,6 текшесінің құнын өтейді. Айта кету керек, мамандардың айтуынша “Қызылжар су” кәсіпорнымен келісім-шартын жасасу – қажет шара болғанымен оны міндетті түрде орындауға ешкім күштемейді. Тұрғындардың шешім қабылдауда еркі бар.

 

Гүлбану Ахметова