Қоғам

“Мемлекеттік тіл және БАҚ” байқауының қорытындысы

 

 

Журналистер арасында өткен байқауда қазылар алқасы 30 жұмысты қарастырған. Бұл сында «Үздік мақала» номинациясы бойынша 1-орынға «Северный Казахстан» газетінің шолушысы Марат Ермұқанов ие болды. 2-ші орынды “Тайынша таңы” газетінің тілшісі Айгүл Тәшетова иеленсе, үздік үштік “Айыртау таңы” газетінің шеф-редакторы Бағлан Қожақовтың еншісінде. Сондай-ақ, сайыста журналистердің жұмысы бірнеше номинация бойынша бағаланды. МТРА редакторы Данаш Хамзина жүргізетін “Диалог” бағдарламасы “Үздік телеарна бағдарламасы” ретінде таңдалды. Данаш Хамзина студияда қызықты кейіпкерлермен өзекті мәселелерді талқылайды. Ол бұл жеңіс – арна ұжымының еңбегі дейді. Сондай-ақ, жиында тағы бір облыстық байқаудың қорытындысы белгілі болды. Мектеп оқушылары өз шығармаларында тарихқа үңіліп, патриоттық сезімдерімен бөліскен. Бұл сайыста Есіл ауданы Бұлақ орта мектебінің оқушысы Нұржамал Оспанның орыс тілінде жазған еңбегі үздік деп танылды.  Енді, ұйымдастырушылар журналистердің жұмыстарын республикалық байқауға жібермек.

 

Айымгүл Әбілева