Денсаулық сақтау

Петропавлда күрделі ота жасалды

 

 

Ота мамырдың 2-сі күні жасалды. Ол үш сағатқа созылыпты. Қазір 19 жастағы бойжеткен оңалту курстарынан өтуде. Науқасты дәрігерлер күнделікті бақылап отырады. Хирургиялық жолмен жасалынған отаның нәтижесінде қыздың өкпесі қара дақтардан тазартылды. Емдеудің мұндай жолы науқастың жағдайын 91 пайызға жақсартады дейді дәрігерлер. Бүгінде туберкулезге қарсы күрес диспансерінде мыңға жуық солтүстікқазақстандық тіркеуде тұр. Олардың жартысынан астамын арнайы дәрі-дәрмекпен емдеу аздық етеді.

 

Раиса Құсайынова, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері бас дәрігерінің орынбасары:

-Қоздырғыштарды жою мүмкін болмаған жағдайда бұл ауруды арнайы аппараттың көмегімен немесе ота жасау арқылы емдеу қажет.

 

Өлткен жылмен салыстырғанда облыста туберкулезге шалдыққан адамдардың саны 14,5 пайызға азайған.

 

Айымгүл Әбілева