Көлік және жолдар

Мағжан Жұмабаев ауданында жол жөндеу жоспары ауқымды

 

 

М.Жұмабаев ауданында жолды жөндеу жұмыстары басталып кетті. Биыл мұнда 200 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек. Бұл үшін бағытталған қаржының көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 2-3 есе артық.

Аудан аумағындағы жолдың жалпы көлемі 871 шақырымды құрайды. Оның 78 км республикалық маңызда болса, 197 шақырымы облыстық, ал қалған 596 километрі ауданға тиесілі. Аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында ел қазынасынан 57 млн теңге бөлініпті.

 

Аман Қабдөшев, М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары:

-«Қарақоға-Надежка және «Возвышенка-Атаманское», Успенка деген ауылымызға 2 км жол жөнделеді. Лебяжка-Құралай деген жерде жөнделеді.

Ал, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 13 елді мекеннің ішіндегі жолдарды қалпына келтіру көзделіп отыр. Бұл үшін 12 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған. Игі шаруаны атқаруға облыс қазынасынан 52,4 млн тг құйылмақ. Сонымен қатар, өңір жетекшісі 33 млн теңге көлемінде қосымша қаржы бөлген.

 

Аман Қабдөшев, М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары:

-Облыс әкімінің көмегімен ауданымызға облыстан қаражат бөлініп отыр. Сол қаражаттан  «Булаево-Советское» және «Булаево-Возвышенка» жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Булаев-Советское трассасын жөндеуге «Петропавл жолдары» ЖШС тартылған. Жолдың ұзындығы 54 шақырымды құрайды. Бұл жерді қалыпқа келтіруге мамыр айының басында кірісіпті. Бүгінге дейін 10 км жолдағы істі аяқтаған.

 

Сергей Лысенко, “Петропавл жолдары” ЖШС шебері:

-Мамырдың басынан 157 тонна асфальт төседік. 1300 шаршы метр жердегі шұңқырлар жабылды. Қазіргі уақытта Булаев-Советское трассасында 2 бригада жұмыс істеуде.

 

Бұл жердегі жұмыс аяқталғаннан кейін, «Булаев-Возвышенка» бағытындағы тас жол қалпына келтірілетін болады. Маңызды шаруаны тындыруға аудандық бюджеттен 24 млн теңге бөлініпті. Оның 5 млн теңгесі Булаев қаласындағы тас жолды жөндеуге бағытталған. Аудан орталығында да инфрақұрылымды қалыпқа келтіру қызу жүруде. Бұл істің атқарылып жатқанына тұрғындар да қуанып қалды

 

Мереке Құрманғалиев, Булаев қаласының тұрғыны:

-Аудан әкімінің және қала әкімінің жылдағы есептік кездесулерінде біз осындай сұрақтар қоямыз жол жөнінде. Сол орындалып жатыр .

Александр Гриновский, Булаев қаласының тұрғыны:

Жолдарды жөндеп жатқаны бізді қатты қуантты. Осы көшенің маңайында емхана да салып жатыр. Қаламыз таза. Өйткені күнделікті тазалап тұрады. Жалпы, жағдайымыз жылдан-жылға жақсарып келеді.

 

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, аудандағы 10-ға жуық шаруашылық техника және жұмыс күшін тарту жағынан қол ұшын берген.

 

Айдана Демесінова