Қоғам

Бірыңғай ақпараттық күн

 

Жастар – елдің ертеңі. Ақпараттық үгіт-насихат тобының Елбасы Жолдауын түсіндіруде оқу ордасын таңдауы бекер емес. Себебі, жастарға артылған сенім зор.

 

Динара Рақымжанова, Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекшісі:

– Петропавлда Елбасы жолдауын түсіндіру мақсатында бірыңғай ақпараттық күн өткізіліп жатыр. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда елімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, бүгін қазақстандық патриотизм жайлы, мемлекеттік рәміздер жайлы сөз қозғаймыз.

 

Студенттердің арасында болашақ экономистер, заңгерлер, құрылысшылар сынды түрлі саланың өкілдері бар. Осы бастан оларға оқу орнын бітіргеннен кейін өз білімдерінің арқасында өңіріміз бен еліміздің өркендеуіне үлесін қосады деген сенім артылған. Сондықтан да осындай кездесулердің жастарға ой салуда маңызы өте зор.

 

Айжан Тайжанова, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:

-Мұндай жиындар жастар үшін қызықты деп ойлаймын. Өзіме қажет біраз мәлімет алдым. Алдағы уақытта осындай шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылса нұр үстіне нұр.

 

Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында қалада 19 ақпараттық үгіт-насихат тобы жұмыс істейді.

 

Әспет Әбдірешова