Қоғам

“Таза қол” флеш-мобы

 

Осылайша, ақ қолғап киген “Жас Отан” ЖҚ мүшелері тұрғындарды “бармақ басты, көз қыстылыққа” қарсы бірге күресуге шақырды.  Флеш-моб барысында тұрғындарға “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы мен қаржы полициясының сенім телефондары жазылған парақшалар таратылды. М. Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің 2-ші курс студенті Нұрбол Елубаев мұндай іс-шаралардың қажет екенін атап өтті. Жемқорлықтың қылмыс екендігін біле тұра, қоғамда пара алатын азаматтар баршылық. Акцияға қатысқан жастар осындай флеш-мобтар арқылы бұндай қылмыс түрінің азаятындығына сенімді.

 

Айымгүл Әбілева