Қоғам

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

 

 

Лариса Яговик сылақшы болып жұмыс істейді. Өз еңбегінің ақысын ала алмай жүрген ол бүгін шағым айтып осында келді. Сөзіне қарағанда, жұмыс берушімен араларында келісім – шарт жасалмаған.

 

Лариса Яговик:

– Сәуірдің 13-нен мамырдың 3-не дейін біз “Саңыраулар қоғамы” ұйымында жұмыс істедік. Атқарған қызметіміз үшін бізге еңбекақымызды төлемей қойды. Басшылығы бұл жағдайды ешқандай себеппен түсіндірген жоқ. Осында келу арқылы әділ шешім күтеміз.

 

Көмек сұрап келгендердің тағы бірі – Андрей Зель. Оның сенімді өкілі Нина Останинаның айтуынша оған баспанасын босатуға тура келген. Пәтер заңды түрде жекешелендірілгенімен сот орындаушылары үйдің бұрынғы иесінің мұрагері табылды деп түсіндіріпті.

 

Нина Останина:

– Соттың Андрей Зельге 1,5 миллион теңгені қайтарып беру керектігі жөнінде шешімі бар. Алайда, Понамарев есімді азамат өзінің мұрагерлік құқығын дәлелдеген жоқ.

 

Тауы шағылып, көмек сұрай келген жандардың мәселелері алдағы уақытта аяқ асты қалмайды деді қоғамдық қабылдауды жүргізген азаматтар. Негізінен сұрақтардың көбі алаяқтық фактілері мен еңбекақыны төлемеуге қатысты болды. Барлығы бұл күні 8 сұрақ бойынша 11 тұрғын келді.

 

Әспет Әбдірешова