Қоғам

Ақпарат ашық болуы керек

 

 

БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырады. Ол – әлемде, елде болып жатқан құбылыстарды халыққа жеткізеді. Сол себепті, шынайы ақпарат тарату – парыз.

 

Нұрғазы Әбдіқанов, СҚО сотының бас судьясы:

-Облысымыздағы сот корпусы халықтың сенімін арттыру үшін қолынан келгенін жасап жатыр. БАҚ өкілдерімен жақсы байланыс орнаттық. Ақпаратты заңға сәйкес дереу жеткізуге тырысамыз. Бүгінгі семинар өзге мекемелерге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

 

БАҚ – билік пен халық арасындағы көпір іспетті. Мұны мемлекеттік органдар да түсіну қажет. Журналистерге қажетті ақпаратты жедел, әрі фактіні бұрмаламай, сол қалпы жеткізгені абзал. Бұл шаруаны мекемелердегі баспасөз қызметкері атқарады. Мемлекеттік органдар журналистермен диалог алаңын құрып, жақсы қарым-қатынас орнатуы шарт дейді облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Руслан Әлішев. Өйткені, бұл жүйе, өңірдегі кей басқармаларда ақсап тұрған көрінеді.

 

Галина Воробьева, ҚР журналистері одағының СҚОФ төрайымы:

-Кей мемлекеттік органдар БАҚ-пен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Алайда, байланысқа шыққысы келмейтіндер де баршылық. Бұл журналистердің белгілі бір ақпаратты уақытылы алуына кедергі келтіреді. Осы олқылықты жою керек. Бүгінгі семинардың соған септесетініне сенімдімін.

 

Бүгінде өңірде барлығы 68 БАҚ жұмыс істейді.

 

Айдана Демесінова