Мәдениет

Жас суретшілердің халықаралық байқаудағы жеңісі

 

Дүниежүзілік балалар сурет байқауы Токио қаласында өткен. Онда әлемнің 75 елінен жиналған 28 мыңға тарта туынды сынға түсті. Бұл сайысқа аталған лицей оқушылары 8 жыл қатарынан үздіксіз қатысып келеді. Бұл жолы жас суретшілердің еңбегі жоғары бағаланды. Дарья Петрованың «Қыз көктем» атты суреті үздіктердің қатарына ілігіп, арнайы дипломмен марапатталды.

 

Дарья Петрова, “Юнеско клубы” көркемсурет лицейінің оқушысы:

-Мен өз жұмысымының лайықты бағаланғанын естігенде қатты қуандым. Бұл суретті салуда гуаш және түрлі-түсті қаламды пайдалана отырып көктемде серуендеп жүрген қыздың суретін салдым.

 

Ал  Бішкек қаласында өткен “Біз ТМД-да тұрамыз” атты халықаралық жас суретшілер байқауына 13 оқушының жұмысы жіберілген екен. Мұнда Шулепова Татьянаның туындысы 1-ші орынға ие болды. 6 жасынан сурет салатын ол қазір әр түрлі әдісті меңгеріп алған.

 

Татьяна Шулепова, “Юнеско клубы” көркемсурет лицейінің оқушысы:

-Мен қиялымдағы Қазақстанның жарқын болашағын бейнеледім. Өзге дарынды суретшілердің арасынан озып шыққаныма шексіз ризамын.

 

Алда оқушылардың жоспарлары ауқымды. Жас суретшілер осы іспетті байқаулар қаламымыздың ұшталуына септеседі деп отыр.

 

Айымгүл Әбілева