Спорт

Ұлттық банк кубогы үшін жарыс

Дәстүрлі жарыстың ұйымдастырушысы –  Ұлттық банк филиалы. Турнирдің салтанатты ашылуында 200-ден астам адам сап түзеді. Оның ішінде ер адамдардан құралған 18 команда болса, 4-уі нәзік жандылардан жасақталған. Өткен жылдың жеңімпазы – АТФ банкінің құрамасы осы жолы да сенімді түрде өз есесін ешкімге берер емес.

 

Тимофей Кришталь, БТА банкі құрамасының капитаны:

-Барлық командалардың дайындықтары жақсы. Доданың тартысты болатыны сөзсіз. Мұнда әрбір секунд бағалы.

 

Бірінші болып ойын алаңына “Темір банк” және “Казкомерцбанк” құрамалары шықты. “Казкомерцбанк” қызметкерлері қарсыластарының қақпасына 12 рет гол соғып, ұтымды әдісті қолдана отырып, тамаша ойын өрнегін көрсете білді.

 

Жомарт Қажырақымов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚОФ директоры:

-Футбол ойынына қызығушылық жыл сайын артып келеді. Бәсеке өсіп, ойыншылардың шеберліктері шыңдалуда. Сол себепті, жеңімпазды бірден анықтау оңай емес.

 

Үздіктер бірнеше аталым бойынша анықталады. Сондай-ақ, “Көрермендер көзайымы” атанған ойыншыға да жүлде бар. Бірақ, мұндағы берілетін бағалы сыйлықтар әлеуметтік мекемелерге қайырымдылық ретінде таратылады.