Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат турнирі

 

 

Студенттер арасындағы дебаттық кездесу қызу түрде өтті. Даттаушы және жақтаушы деп екіге бөлінен топтардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күресіп, оның тамырын біржола жоюға болады десе, екінші топ бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес дейді.

 

Динара Мақсұтова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Жоғары тап төменгі тапты сатып ала алады, себебі билік олардың қолдарында. Қазақ атамыз бекер айтпаған, қарын тойса да, көз тоймайды. Сол себепті бұл жерде олар ақшаны алғысы келе береді.

 

«Парасат» дебат клубының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болуы тиіс дейді. Олардың айтуына қарағанда, бұл мәселенің алдын алу үшін әркім өзінен бастауы қажет.

 

Айымгүл Қадырменова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Сыбайлас жемқорлықты тәрбиенің арқасында жоя аламыз. Бұның бәрі еңбектің арқасында болуы керек.

 

Қаржы полицейлері осындай пікірталас сайысын жыл сайын өткізіп тұрады.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

-Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша салық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен қаржы полициясы «Нұр Отан» партиясымен бірлескен дебаттық турнир ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдарын қалыптастыру.

 

Дебат турниріне барлығы 4 команда қатысты.

 

Әспет Әбдірешова