Мәдениет

“АТОМ” бағдарламасы аясындағы суреттер байқауы

Суреттер байқауына Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің 50 шақты студенті қатысыпты. Байқауды қорытындылау шарасында студенттер Семей ядролық полигонындағы атом бомбасын сынау шараларының куәгері Виктор Бердниченкомен кездесіп, оның естеліктерін тыңдады. Алғашқы ядролық жарылыс әлі күнге оның есінде.

Виктор Бердниченко:

–   Желтоқсан айы болатын. Алғашқы толқын күшті болды, екіншісінің қуаты біршама төмендеді, үшіншісі баяулау болды. Содан кейін ғана саңырауқұлақ сияқты ядролық шаң көрінді .

Қазіргі ұрпақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар туралы тарих оқулықтарынан ғана біледі.  Біздің елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін көп жұмыс жүргізілуде. Суреттер байқауы “АТОМ” халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды. Оның бастамашысы  – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  Жобаның мақсаты – әлемде атом сынақтарын тоқтату. Онлайн-петицияға қол қою арқылы бұл жобаға кез-келген адам қатысып, Жер бетінде бейбітшілік сақталуы үшін атом бомбасына қарсы дауыс бере алады. Ол үшін “АТОМ” жобасы деген сөзді теру жеткілікті.