Спорт

Олимпиада күні

Жүгіру уақыты ескерілген жоқ. Соған қарамастан, қатысушылар 2 шақырым қашықтықты не бары 10 минуттың ішінде жүгіріп өтті.

Маргарита Мұқашева, жеңіл атлетикадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері:

– Бүгінгі ауа райы сәл қолайсыз болғанымен, ешкімнің көңіл-күйі түскен жоқ деп ойлаймын. Баршасына мықты денсаулық тілеймін. Мен спорт ұйымының төрайымы ретінде бүгінгі сауықтыру күніне бей-жай қарай алмадым. Және шын ниетіммен оларды қолдауға келіп отырмын. Осы мерекелік шараның арқасында қатысып жатқандардың дені кейін салауатты өмір салтын ұстанады деген сенімдемін.