Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жемқорлық жоқ

Бүгінде облыс аумағында 15 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Олардың барлығын қоса есептегенде, 400-ден астам қызметкер еңбек етеді. Соның 90 пайызы – тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін инспекторлар мен кеңесшілер.

 

Нұрлан Ақпаев, СҚО халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы:

-Халыққа қызмет көрсету орталығы жемқорлықтың алдын алу мақсатында жұмысты бір терезе жүйесі бойынша жүргізу үшін құрылған. Мұнда бір  істен пайда табу мүмкін емес.

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары елімізде 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында жергілікті мекемеде жемқорлық фактісі еш тіркелмепті. Мұнда “бармақ басты, көз қыстылыққа” жол бермеу мақсатында айына бірнеше мәрте жиын өткізу дәстүрге айналған. Қызметкерлердің айтуынша, осындай дөңгелек үстелдер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.

 

Бейбітгүл Мақшаева, СҚО халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы:

-Кездесу баянды өтті. Өзім үшін біршама пайдалы мәлімет алдым. Мұндай жиындардың пайдасы бар деп есептеймін.

 

Бұл жиынға “Нұр Отан” ХДП мүшелері мен қоғам өкілдері де қатысты.

 

Данаш Хамзина