Қоғам

«Жанды кітап» шарасы

Кездесуге келген ақын, аспазшы, тігінші, әрлеуші сияқты әр түрлі кәсіп иелері оқырмандарға өз қызметтерінің қыр-сырын әңгімелеп, тыңдаушыларды таңдандыра білді. Негізінен, бұл – халықаралық жаңаша жоба болып саналады. Ол тұңғыш рет 2000 жылы Данияда бастау алған. Содан бері дүние жүзінде 300-ден артық шара өткізіліпті. Кейбір елдерде білім ошақтарында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады екен. Кітапханашылардың айтуынша, осылайша адамдардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға болады.

 

Қайыржан Мәлікова, кітапханашы:

-Біздің мақсатымыз – тұрғындарды кітапханаға тарту, ізденуге баулу болып табылады. Әсіресе, жастардың қызығушылығын ояту қажет.

Данаш Хамзина