Құқық қорғау органдары

Пираттық өнімдер цехы табылды

Қаржы полицейлері жасырын цехтан 1,5 мың дана пираттық диск тәркілепті. Танымал фильмдер мен әндердің көшірмесі пәтерде заңсыз жасалынған. Сол жерден жүйелік блоктар мен жылтыр безендіргіш қаптамалар табылды. Заңнамаға сәйкес бұған тек автордың өзі ғана құқылы. Авторлық құқықты бұзған енді бір айыпталушы жасанды дискілерді өткізіп отырған. Айыпталушы құқық иелеріне енді 600 мың теңгенің шығынын толтыруға мәжбір. Оңай жолмен ақша табуды көксегендер бұл әрекеттері үшін 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Барлығы жыл басынан авторлық құқықтың бұзылуына қатысты 4 факті әшкереленген.

 

Жеңіс Ермұқанов