Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлда СПИД құрбандары еске алынды

 

Дүние жүзінде СПИД ауруы ең алғаш 1981 жылы тіркеліпті. Соңғы 25 жыл ішінде бұл індеттен 25 млн адам көз жұмған. Оқушылар арасында ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты – жасөспірімдерге жүре біткен иммундық тапшылық синдромының алдын алу жайын түсіндіру. Әлемде ВИЧ инфекциясын жұқтыратындардың жасы 15 пен 25-тің арасында. Біздің облыста бүгінде жүре біткен иммундық тапшылық синдромына шалдыққан 428 адам тіркеуде тұр екен. Биыл шара осымен 30-шы рет өткізіліп отыр.

 

Гүлбану Ахметова