Бизнес және экономика

Кәсіпкерлерге есік ашық

 

Елімізде жеке ісін өркендетемін деген кәсіпкерлерге жағдайлар жасалған. Бизнесті қолдауға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар баршылық. Алайда, соңғы тиімді мүмкіндіктерді көбі білмей, қалт жіберіп жатады. Жаңашылдықтардан құлағдар ету үшін кәсіпкерлік басқармасы ашық есік күнін өткізуді дәстүрге айналдырыпты. Бұл жолы заңды тұлғаларды рәсімдеуге ден қойылды. Өткен жылдың қарашасынан кәсіпті тіркеу үрдісінде жаңа жүйе енген екен.

 

Сабина Үмбетова,СҚО әділет департаменті бөлімінің маманы

-Заңды тұлға кәсібін рәсімдеу тәртібі мүлдем жеңілдетілді. Енді, электронды үкімет порталында жеке істі заңдастыруға болады. Кәсіпкер автоматты түрде тексеріледі. Жауабы бір айда емес, енді бір күннің ішінде беріледі. Қызмет құнын да ғаламтор арқылы өтеу мүмкіндігі жасалған.

 

“Поиск” серіктестігі мұнай өндіретін құрылғылардың қосалқы бөлшектерін шығарады. Кәсіпорын “Бизнестің жол картасы” бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға ниетті.

 

Александр Шадрин, “Поиск” ЖШС директорының орынбасары:

Шаруашылық дамып келеді. Сұраныстарды толықтай қанағаттандыруға қуат көзі аздық етіп отыр. Жарық өткізгіш желілерді жетілдіру керек. Инфрақұрылымды жаңғырту үшін мемлекеттік қолдау құралдарын қарастыру үшін келдім.

 

Сондай-ақ, бизнес өкілдері интеллектуалдық меншікті қорғау мен тиімді пайдалану жағымен де жіті танысты.

 

Жеңіс Ермұқанов