Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 4 млн гектардан астам алқапқа дән сіңірілмек

 

Қызылжар ауданында өңір басшысының алғаш аялдаған нысаны – “Якорь Агро” серіктестігі. Олар қазір біржылдық шөп егуді қолға алыпты. Шаруашылық меншігіндегі осы жылы игерілетін жер телімі – 3,5 мың гектар. Қазір танап басында 12 адам еңбек етуде.

 

Владимир Очеретенко, «Якорь Агро» ЖШС директоры: Көктемгі егіске мықтап дайындалдық. Тұқым, жанар-жағармай, тыңайтқыштар қоры жеткілікті. Барлық агротехнологиялық шараларды сақтай отыра жұмысты дер кезінде бастап, уақтылы аяқтауға толық мүмкіндігіміз бар.

 

“Лесной” серіктестігі де егіс жұмыстарына қызу кіріскен. Танаптардағы ылғал жақсы. Ол – мол астықтың кепілі. Облыс әкімімен әңгіме барысында диқандар қауымы тұқым қоры мен жанар-жағармай жеткілікті екендігін атап көрсетті. “СК Вагулинское” агрқұрылымындағы жағдай да көз қуантады. Олар биыл 6 мың 700 гектар жерге сары алтын сеппек. Өткен жылғы қуаңшылыққа қарамастын шаруашылық әр гектардан 28 центнерден өнім алыпты, биылғы жоспар ол көрсеткіштен асып түсу.

 

Надежда Карандейкина, «СК Вагулинское» ЖШС бас агрономы:

Тұқымның бәрі өңделіп дәріленген. 80 тонна бидайдың элиталық тұқымын сатып алдық. 192 мың тонна тыңайтқыш пен жүгері өсіруге қажетті 64 тонна аммиакты селитраға қол жеткіздік. Оның бәрі тұқым шаруашылығы үшін өте қажет.

Өңір басшысы Самат Ескендіров диқандар қауымының жұмысына сәттілік тілеп, егіс барысында барлық агротехнологияларды қатаң сақтау керектігін ескертті. Осы жылы теріскей диқандары 4 миллион гектардан астам жерді игермек. Оның 3,5 миллионына ырыс дәні сіңірілсе, қалғанына майлы дақылдар мен жем-азық себілмек.

 

Самат Есмағи