Құқық қорғау органдары

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау

 

 

Бұл – «Әйел – отбасының және мемлекеттің тірегі» акциясы. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері брошюралар таратып, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу үстінде. Бүгін олардың әңгімесіне Мая Пак та зер салды. Тәртіп сақшыларын мұқият тыңдаған ол мұндай шаралардың маңызы зор екенін алға тартуда.

 

Мая Пак:

Мұндай акциялардың өтуі дұрыс деп ойлаймын. Кей әйелдер зорлыққа тап болып жатады. Осындай жағдайда кімнен көмек сұрауды білген жөн.

 

Жолға шыққан өзге нәзік жандылардың да ойы осыған саяды. Марина Короткова әрбір әйел өз құқығын білуі шарт дейді.

 

Марина Короткова:

Акцияның маңызы зор. Нәзік жандыларға айтатыным, бір жағдай болып қалса қорықпай, дереу полицияға хабарлаңдар. Ер адам сіздерге қол көтермеуі тиіс.

 

Бұл шара мамырдың 13-і басталыпты. Бүгінге дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері 200-ден астам кітапша таратып үлгерген.

 

Ерлан Тасымов, Петропавл станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полициясының бөлімше бастығы:

-Елбасымыз өз Жолдауында Ана мен балалық шақты қорғау мәселесіне көп мән береді. Сондықтан, осы бағытта біраз іс атқарылып жатыр. Біз де тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында «Әйел – отбасының және мемлекеттің тірегі» акциясын өткізіп отырмыз. Оқу ордаларында да дөңгелек үстелдер ұйымдастырдық.

 

Акция мамырдың 23-не дейін жалғаспақ.

 

Айдана Демесінова