Мәдениет

Қожаберген жыраудың туғанына – 350 жыл

 

Өскелең ұрпақ жырау әрі қолбасшы Қожаберген Толыбайұлын тарихтан біледі. Көрмеге оның өмір жолымен кеңірек танысу үшін келген оқушылар өз білгендерін ортаға салды. Бүгінге дейін Қожаберген жыраудың біршама дүниесі жетіп отыр. Ол – «Ата тек», «Жеті жарғы» және «Баба тілі» атты дастандардың авторы. Биыл атақты жырау, әскери қолбасшы Қожаберген Толыбайұлының туғанына 350 жыл толады. Сонымен қатар, көрмеде Қожаберген жыраудың Тәуке хан тұсында “Жеті жарғы ” заңдарын құрастыруға атсалысқандығы жайлы мәліметтер келтірілді. “Жеті жарғы” сол кезде құқықтық тәртіп және мемлекеттік құрылыстың негізгі принциптерін анықтайтын өзіндік дала кодексі болатын. “Дауылпаз баба-Қожаберген” атты шара жыл соңына дейін жалғасады.

 

Гүлбану Ахметова