Денсаулық сақтау

Жедел жәрдем жаңа көліктерге ие болды

 

Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығына күніне 300 шақырту түседі екен. Олардың әрқайсысына дәрігерлер жылдам жетіп, сапалы қызмет көрсетуге тырысады. Бұл үшін астыңдағы көліктің қалтқысыз жұмыс істеп тұруы да маңызды дейді ақ халаттылар. Жақында жедел медициналық көмек көрсету орталығы жаңа сегіз машинамен толыққан. Оның екеуі – қажетті құрылғылармен жабдықталған реанимобиль.

 

Евгений Швецов, облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының фельдшері:

– Реанимобильде жедел медициналық көмек көрсетуге қажетті жабдықтар бар. Оттегімен қамтамасыз етіп тұратын орталық жүйесі, реанимациялық жағдайларға қажетті дифибрилятормен қамтылған.

 

Мұрат Мұхамедиев осында 8 жылдан бері көлік жүргізушісі болып істейді. Жаңа машиналардың арқасында жылдам жүріп, діттеген жерге тез жетуге мүмкіндік артты дейді ол.

 

Мұрат Мұхамедиев, облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының көлік жүргізушісі:

-Мен жас балаларды тасимын, бұл соған өте ыңғайлы. Іші барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Бұрынғы машиналардан ерекшелігі – жылы, тез жетуге де ыңғайлы.

 

Жедел медициналық көмек көрсету орталығында бүгінде 23 көлік бар.

 

Мамадияр Байғұлов, облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері:

– “Саламатты Қазақстан” бағдарламасында материалдық-техникалық базаны нығайту керектігі жазылған. Ол – поликлиника және жедел жәрдем қызметтері. Жедел жәрдем қызметінде көліктің маңызы өте зор.

 

Жыл соңына дейін мұнда тағы да арнайы мамандандырылған көліктер алу жоспарланып отыр.

 

Әспет Әбдірешова