Спорт

Велосипедшілер сайысы

 

 

Жарыстың бірінші кезеңінде спортшылар жекелей сында бақ сынасты.

Владимир Парахин, велоспорттан балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің директоры:

Әрбір спортшы өзі бағындыра алатын уақытты көрсетіп, сынға түседі. Жарыс қорытындысы бойынша облыс құрамасына спортшылар іріктеледі. Олар маусым айында өтетін республикалық сайысқа дайындалатын болады.

 

12 жасқа дейінгі жеткіншектер бөлек топта сынға түсті. Оларға мәре сызығына жету үшін 5 шақырымды бағындыру керек. Бұл жас аралығында топ жарғандардың бірі – Илья Кочетков. Белгіленген қашықтықты 10 минут 45 секундта басып өткен ол жарыстың бірінші кезеңінде екінші орынға тұрақтады.

 

Илья Кочетков, жарысқа қатысушы:

Бастысы – дұрыс тамақтанып, жаттығу керек. Бұл сайысқа жақсы дайындалуға көмектеседі. Оның үстіне өз-өзіңе сенімді болып, қобалжымау керек.

 

Веложарысқа барлығы 100-ге жуық спортшы қатысты. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 12 және одан кіші жастағылардың арасында бірінші орынға Никита Фрейбег ие болды. Ал, 13 пен 14 жас аралығындағы топта Сергей Мальцев озып шықты. Ал, 15-16 жастағы ересек балалар тобында Павел Казаченконың жұлдызы жанды.

 

Әспет Әбдірешова