Мәдениет

Мүмкіндігі шектеулі балалар халықаралық би сайысынан жүлделі оралды

 

Есту мүмкіндіктерінің шектелгеніне қарамастан мына жеткіншектердің би өнеріне деген ықыластары шексіз. Жақында Ресейде өткен «Национальное достояние” халықаралық байқауынан облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернаттың  “Sensetive” би ансамблі жоғары жетістіктермен оралды. Бұл – олардың халықаралық деңгейдегі байқауға алғаш рет қатысуы.

 

Ольга Ростовщикова, саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат мұғалімі:

– Балалардың еңбегін бағалаған қазылар алқасы олардың өнеріне таңданыспен қарады. Өйткені, біздің балалар музыканы естімесе де өте ырғақты биледі. Жұптасып билеген олар бірін-бірі сезіне білді.

 

Өнер сайысында жеткіншектер латын-америкалық және испандық бимен көпшіліктің көзайымына айналған. “16 мен 25 жас аралығындағы хореография” аталымында олар бірінші дәрежелі лауреат атаныпты.

 

Роман Иванов, саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат тәрбиеленушісі:

Өзге қатысушылардың өнері ұнады. Сайысқа бара жатқанда жеңіске жетеміз деген мақсат болды. Соған жеттік.

 

Енді ансамбль мүшелері шілденің 22-сі мен тамыздың 6-сы аралығында Болгарияда өтетін би сайысына дайындалуда.

 

Әспет Әбдірешова