Қоғам

Петропавлдың Орталық алаңындағы мереке

 

 

Ұлы Жеңіске биыл 68 жыл толды. Осыған орай ұйымдастырылған концертті тамашалауға орталық алаңға халық көптеп жиналды. Тыл еңбеккері Вячеслав Феляткевичті осы жерде кездестірдік. Ұлы Отан соғысы басталғанда қарт майдангер не бары 15 жаста болған екен. Қарияның сол күндерді еріксіз көзіне жас алып еске түсіргенінде, сұрапыл соғыс кезінде халыққа қаншалықты ауыр тигенін сөзсіз түсінесің.

 

Вячеслав Феляткевич, тыл еңбеккері:

– Ұлы Отан соғысы тыныштықты бұзды. Бәрі қиын болды. Өйткені, туған-туысқандарынан айырылғандар зар жылады. Соғыс жеңіспен аяқталғанда шексіз қуандық.

 

Жеңіс күні – ыстық мейрам. Сол себепті, мерекелік концертті тамашалауға орталық алаңға жиналған тұрғындардың әрбірінің жүзі жадырап, бейбіт заман мен тыныш өмір сыйлаған Жеңіс жауынгерлеріне алғыстарын білдіруде. Ұлы Жеңіс мерекесінде өнер ұжымдары патриоттық әндер шырқап, би биледі. Соғыс кезіндегі әскерилердің өмірі жайында қойылым көрсетті.

 

Гүлбану Ахметова