Қоғам

“Қазақтелеком” майдангерлерді құттықтады

Ардагер Александр Маньковтың жасы 90-ға жетіп қалған. Майдангердің кеудесі 20-дан астам медальға толып тұр. Қария Ұлы Отан соғысы басталғанда 18 жасқа жаңа толған шағы екен. Сонау сұрапыл соғыс жылдары бәріміз қиын кезді бастан өткердік дейді қарт жауынгер. Ол бірталай қаланы жау қолынан азат етуге қатысыпты.

 

Александр Маньков, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Сұрапыл соғысты есіме ала қоймаймын. Өйткені, көп адам қаза болды. Бұл жағдай енді қайталанбаса екен деп тілеймін. Ұрпақтарымыз бейбітшілікте өмір сүрсін.

 

44 жылын байланыс саласын дамытуға арнаған Александр Михайловичті “Қазақтелеком” АҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының директоры Әлім Шүкенов Жеңіс мейрамымен құттықтап, плазмалық теледидар мен ақшалай сыйлық табыс етті.

 

Әлім Шүкенов, «Қазақтелеком» АҚ СҚО телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры:

– Елімізді азат етуге қатысқан ардагерлерімізді мәңгі есте сақтау қажет. Оларға әрдайым құрмет көрсетуге тиіспіз. Майдангерлерге ұзақ ғұмыр тілеймін.

 

Осылайша, кәсіпорын қызметкерлері тарапынан облыс бойынша 61 әріптес ардагерге құрмет көрсетілді.

 

Гүлбану Ахметова