Билік

Үкімет отырысында табиғат байлығын пайдалану мәселелері қаралды

 

Жиынды ашқан Премьер-Министр Серік Ахметов табиғатты пайдалануда заңбұзушылықтардың шаш етектен екендігін атап көрсетті. Бүгінде елімізде 380 табиғат қорын пайдаланушы кәсіпорын бар. Алайда, олардың ешқайсысы өз жұмыстарына қатысты құжаттарды дер кезінде тапсырмаған. Бұл табиғатты пайдалану заңнамасын өрескел бұзу болып табылады деді Серік Ахметов. Еліміздегі геологоиялық жұмыстар жүргізудің басым бөлігі “Тау кен Самұрық” кәсіпорнына тиесілі болса, қалғаны әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорацияларының иелігінде. Соңғысы осы жылға 108 өтініш беріпті. Қазіргі күні ол индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде қаралып жатқан көрінеді. Премьер-Министр табиғатты пайдаланудағы жұмыстарды бірізділікке келтіру керектігіне тоқталып, әр облыс осыған қатысты өз ұсыныстарын осы айдың соңына дейін білдірулері керектігін атап көрсетті. Содан кейін ол жан-жақты қаралып, қыркүйек айында табиғатты пайдалану заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп парламент қарауына жіберілмек. Астанамен болған байланыс аяқталысымен күн тәртібіндегі мәселе жергілікті жерде қаралды. Біздің өңірімізде жер асты байлығын пайдаланатын 8 орын бар. Биыл олардың қатары тағы екеуімен толықпақ. Оны “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұсыныпты. Ол жерлерден алтын мен полиметалл өндіру жоспарланып отыр.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Оны тағы бір мәрте қарастырыңыздар. Инвестор тарту қажет. Кен орындарын «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының құзырына береміз. Себебі, олар инвесторлармен үлескер болуы тиіс. Осыны жақсылап ойластыруымыз керек.

 

Самат Есмағи