Қоғам

“Сбербанк” ардагерлерді құттықтады

Ұлы Жеңіс күніне орай мұндай ыстық лебіз бен құттықтаулар ардагер Николай Авдеевқа арналды. Майдангер қарт сұрапыл соғыс басталғанда небары 14 жаста болыпты. Бәрі де кеше өткендей есімде дейді.

 

Николай Авдеев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Үйге келе жатқан едім, қазіргі Н.Погодин атындағы орыс драма театрының алдында репродуктордан маусымның 22-сі неміс әскерлері батыс жақтағы шекарадан өткені туралы хабарландыруды естідім. Біраз қаланы бомбалап үлгерген екен.

 

Содан кейін ардагер 17 жасқа толар толмас шағында әскер қатарына шақыртылып, майданға атанады. Онда ол 97-ші атқыштар дивизиясы құрамында Қиыр Шығысты жаудан қорғауға ат салысады.  Ал, 1945 жылдың 9-мамырында Ұлы Жеңісті Николай Авдеев Байкал станциясында қарсы алыпты.

“Сбербанк” АҚ өкілдері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтауды дәстүрге айналдырған.

 

Фархад Таев, “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қаласындағы филиалының маманы:

– Отанды жау қолынан аман алып қалған аға-аталарымызды естен шығармауымыз керек. Майдангерлердің жыл санап қатары да азайып келеді. Оларға деген құрмет ерекше болуы қажет.

 

Гүлбану Ахметова