Құқық қорғау органдары

Қала көшелерінің тазалығы – тәртіп сақшыларының назарында

 

Шашылған бөтелкелер, темекі тұқылы мен оның қорабы. Мұндай көрініс қала көшелерінің тазалығы мен кейпіне нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлардың орын алуына көлік жүргізушілері себепкер болып жатады. Осы кезге дейін облыс орталығында жол бойына тасталған қоқыс үшін 245 әкімшілік айыппұл толтырылыпты. Осы сынды жағдайлардың алдын алу үшін жол полицейлері рейдке шығып, көлік иелерін тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырды. Автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, олардан қаланың тазалығына салғырт қарамауларын сұрады.

 

Ринат Құсайынов, Петропавл қалалық ІІБ бөлім бастығы:

– «Таза қала» акциясының аясында бүгін осындай шараны ұйымдастырып отырмыз. Алдағы уақытта мұндай рейдтерді жиі өткізуді жоспарлап отырмыз. Жол қоғалысына қатысы бар жүргізушілер де қаланың тазалығын сақтауда бей-жай қалмаса екен деген тілегіміз бар.

Жол жиегіне көліктен қоқыс тастағандар 1 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Жыл басынан бері осындай тәртіп бұзғандарға қатысты 311 мың 580 теңге мөлшеріндегі айыппұл салынған.

 

Әспет Әбдірешова