Қоғам

Петропавлда “Денсаулығың өз қолыңда” акциясы өтті

 

Қай елде темекі шегетін тұрғындардың саны азырақ? Сәл ойланғаннан кейін «Фрария» тобы бұл сұраққа дұрыс жауап берді. Ол Швеция. «Денсаулығың өз қолыңда» акциясы осылайша ойын түрінде өтіп жатыр. Интеллектуалдық сайыста айтылған ақпарат жақсы есте сақталады дейді ұйымдастырушылар.

 

Наталья Канюк, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы жанындағы темекіге қарсы орталықтыың меңгерушісі:

-Бұрын текше пішінді затты лақтырып, шеңберлермен жүріп, фишкаларды жылжытып отыратын ойын болған. Бүгінгі сын да осылай өтеді.

 

Салауатты өмір салты оқушыларға жақсы таныс. Олардың білімдері сайыста белсенділік танытуынан-ақ белгілі болды.

 

Диана Кошекова, Н. Крупская атындағы №10 орта мектеп оқушысы:

-Біздің мектепте салауатты өмір салтына ішімдік, темекі шегу, нашақорлық сияқты жаман әдеттерсіз өмірге арналған іс-шаралар үнемі өтіп тұрады. Біз денсаулықты нығайтуға септесетін секцияларға, үйірмелерге барамыз.

 

Статистика мәліметтеріне сенсек, қазақстандықтардың 12 пайызы темекінің ащы түтінін жасөспірім кезінде татып көреді екен. Бұл зиянды әдет өкпе обыры мен жүректің ишемиялық ауруларына соқтыруы мүмкін.

 

Наталья Канюк, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы жанындағы темекіге қарсы орталық меңгерушісі:

-Облысымыз бойынша 36,8% темекі шегушілер бар. 55% – 18-ден асқан ерлер. Нәзік жандылардың үлесі 20% құрайды. Әйел адамдар бұл әрекеттен арыла алады. Ал ер адамдар көбіне темекі көлемін ғана азайтады.

 

Кездесуде вич-инфекциясы жайлы да сөз қозғалды. Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Бүкіләлемдік СПИД дертінен көз жұмғандарды еске алу күні атап өтіледі. Соңғы 30 жылда облыс бойынша олардың саны 23 адамға жеткен.

 

Татьяна Сайкина, Облыстық СПИД орталығының ұйымдастыру-әдістемелік орталығының меңгерушісі:

-Акциямыздың мақсаты – оқушыларды ВИЧ инфекциясы мен СПИД жайлы ақпараттандыру. Оның алдын алу жолдарын айту.

 

Ойын соңында барлық топтар сыйлыққа ие болды.

 

Айдана Демесінова