Қоғам

Пасхаға әзірлік

 

Пасха мерекесін православ христиандары асыға күтеді. Оған дайындалудың өзі белгілі ережелерге сай жүргізіледі. Өйткені көп нәрсені үлгеру қажет. Ирина Брюхова әзірлікті ертеден бастап кетіпті.

 

Ирина Брюхова:

-Бейсенбі күні үйімізді жинаймыз. Мерекені таза үйде қарсы алу керек. Арнайы нандарды өзіміз пісірмейміз. Сатып алып, оқытамыз. Ал жұмыртқаны міндетті түрде өзіміз бояймыз. Оның екі түрі бар. Кейбіреулері сарымсақтың қабығын қолданса, енді біреулер арнайы бояулармен бояйды.

Любовь Николаева да пасхаға барынша дайындалуда. Ол діни дәстүрді сақтайтындардың қатарында. 20 жыл бойы   пост ұстанып, ауыз бекітеді екен. Биыл да жұмыртқаларды бояп, куличтерді пісіріп қойыпты. Алайда ол ең бастысы храмға келіп, құдайға құлшылық ету дейді.

 

Любовь Николаева:

-Бұрындары шіркеуге баруға тыйым салынатын. Қазір қандай сенімдегілерге болмасын, құдайға құлшылық етуге шектеу қойылмайды. Өзіміз үлгі бола отырып жастарды үйретеміз деп ойлаймын.

 

Ауыз бекіту 7 аптаға созылады екен. Қазір оның соңғысы өтуде. Бұл ең маңызды кезең болып саналады.

 

протоиерей Сергий, әулие Петр мен Павел апостолдар соборының жетекшісі:

-Жұма күні Иисус Христос көз жұмды. Бұл күні барлық храмға келушілер қара киімде болады. Ал жексенбі күні Христостың қайта тірілген күні. Яғни түрлі тағамдар әзірленіп, жұрт қуанатын мереке.

 

5 мамыр күні христиандар Пасханы атап өтпек. Бұл православ сеніміндегілер үшін жылдың ең басты мерекесі.

 

Инеш Шоқақова