Денсаулық сақтау

Медбикелер форумы

 

Мейірбике ісінің пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингейльдің есімімен байланысты. Ол Қырым соғысы кезінде тұңғыш рет медбикелер қызметін ұйымдастырған. Халықаралық Медбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында оның туған күнін халықаралық медбикелер күні деп қабылдаған. Форумда мерекенің шығу тарихы мен орта буын медицина мамандары жұмысының маңыздылығы жайлы сөз болды.

 

Бақыт Сәрсенова, Солтүстік Қазақстан медицина колледжі мейірбике ісінің оқытушысы:

– Бүгін мейірбике ісіндегі этикалық принциптер, адамдармен қарым-қатынас психологиясы тақырыбындағы баяндамалар оқылады. Медициналық қызмет көрсету сапасы жайлы сөз болады.

Айымгүл Малгелдинова 13 жыл бойы мейірбике болып қызмет етеді екен. «Жұмыс жауапты», – дейді ол. Өйткені медбикелер күн сайын медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға, денсаулығы сыр бергендердің күтімін жетілдіруге зор үлестерін қосуда.

 

Айымгүл Малгелдинова, Ақжар аудандық ауруханасының қызметкері:

– Әріптестерімді, мерекемен құттықтаймын. Жауапты істе әрдайым сабырлық тілеймін.

 

Қазіргі таңда өңірімізде орта буындағы медицина мамандарының саны – 5243. Оның 4 мыңға жуығы мейірбикелер екен.

 

Инеш Шоқақова