Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ардагерлер жастармен кездесті

 

Жеңістің қаншалықты қиын жолмен келгенін соғысты көзімен көрген ардагерлерден артық ешкім білмейді. Олардың бұл жолдағы ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Мәңгілік алау ескерткішіне соғыс ардагерлері, орта буын өкілдері мен жастар гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. 86 жасар Мұқатай Айтбаев соғысқа 16 жасында алыныпты. Майдан даласына өзі сұранып барған. Ардагерлермен кездесу кітапханада жалғасты. Майдангерлер соғыс жылдарында бастан кешкен қиындықтарын жастарға айтып берді. Олардың қайсысы болмасын жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.Кітапахана ұжымы жыл сайын жеңіс күнінің қарсаңында осындай тағылымға толы кездесуді өткізуді дәстүрге айналдырған. Үлкендердің әңгімесін тыңдауға жиылған жастар болса, ардагерлердің өмір жолы – біз үшін үлгі дейді. Сонымен қатар мұнда «Соғыстың киелі беттері» деген кітап көрмесі ашылды.

 

Әспет Әбдірешова