Қоғам

Павел Барильченко – Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлердің бірі

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Барильченко жасы 96-ға жетсе де, жауынгерлік медальдарының  бәрін жатқа біледі. Ол Отан қорғау үшін қан майданға 27 жасында аттанады. Павел Яковлевич Курск түбіндегі шайқасқа қатысты. Алғашқы текетірес жеңіспен аяқталды. Бұл қарт жауынгердің есінде ерекше сақталған екен.

 

Павел Барильченко, Ұлы Отан соғысының ардагері:

-Курск түбіндегі шайқастың қызу болғаны соншалық, жерді әскери техника жауып кетті. Аспанды ұшақтар торлады. Зеңбіректі ұстау мүмкін емес, оқты тоқтамастан жаудырғаннан әбден ысып кеткен. Дегенмен, біз фашистерге төтеп беріп, жауды ығыстырдық. Осылайша, командирлік тапсырма орындалды. Бұл жеңістен кейін менің кеудеме “Ерлігі үшін медалі” тағылды.

 

Павел Яковлевичтің зайыбы Нина Овчинникова да – Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы. Жер қазып, егін екпесем де, 16 жасымнан еңбек еттім дейді.

 

Нина Овчинникова, еңбек ардагері:

-Соғыс жылдары ауыр өтті. Әкемді әскерге кеткенде, анам 3 баламен жалғыз қалды. Шешеме бауырларымды асырауға көмектесу үшін есепшілікке жұмысқа орнастым. Содан бастап өмір бойы бухгалтер қызметін атқардым.

Ерлі-зайыпты қариялар – жерлестер. Екеуі де Петропавлда танысып, шаңырақ құрған екен. Қазір отасқандарына 65 жыл толып отыр. Отағасы соғыстан кейін 22 жыл бойы мектеп директоры болыпты. Ойы түзу, сөзі анық, қимылы да ширақ. Сергектіктің сыры спортты сүйгенімде шығар дейді ардагер. Өзара сыйластығымен сүйсіндірген қариялар бүгінде 2 баладан 3 немере мен 2 шөбере көріп отыр.

 

Данаш Хамзина