Қоғам

«Пегас» ломбарды өз клиенттері арасында ұтыс ойынын өткізді

 

«Пегас» ломбарды  5 жыл бойы өңірімізде жемісті жұмыс істеп келеді. Қалада оның 5 филиалы бар екен. Соңғысы жуырда ашылған. Бұл жерге алтыннан жасалған, гауһар тасы бар бұйымдарды және автокөлікті кепілге беріп, қарыз алуға болады. Тұрақты клиенттері үшін «Пегас» ломбарды 0,2 пайыз жеңілдік жасайтын көрінеді. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында ломбард өз қызметін пайдаланушыларды қуантпақ болған екен. Осылайша ұтыс ойынын өткізді.

 

Александра Кравченко, «Пегас» ломбардының аға баға белгілеуші-сарапшысы:

-Бұл ойын ломбард клиенттері арасында ұйымдастырылып жатыр. Оған өткен жылдың 1-желтоқсанынан 30-сәуірге дейін біздің қызметімізді пайдаланғандар қатыса алады. Әр клиенттің жеке номірі бар. Олар компьютерге енгізілген. Сол арқылы арнайы бағдарламаның көмегімен сыйлық иелері анықталады.

 

Бұл күні 150 сыйлық ойнатылды. Оның ішінде теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, шаңсорғыш және өзге де тұрмысқа қажетті заттар бар. Татьяна Новикова күтпеген жерден үтік ұтып алды.

 

Татьяна Новикова, «Пегас» ломбардының клиенті:

-Шұғыл ақша қажет болғандықтан ломбардтың қызметіне жүгіндім. Сыйлыққа ие болғаныма қуаныштымын. Ұтыс ойынын өткізгендерге алғыс айтқым келеді.

 

Бұл күні бағы жанғандардың қатарында Наталья Соловьева да болды. Ол күтпеген жерден жаңа тоңазытқышқа қол жеткізді.

 

Наталья Соловьева, «Пегас» ломбардының клиенті:

-1 жыл бұрын осы ломбардтың қызметін пайдалана бастадым. Өте ыңғайлы. Сыйлық ұтып алғаныма қуаныштымын. Қарыз алғанда, әрине, бұлай болатынын ойламаппын да.

 

Кей жерлестеріміз ұтыстарына қуанып жатыр. Алайда жеңімпаз атанғанын білмейтіндер де баршылық. Ұтыс ойынының қорытындысын білу үшін «Пегас» ломбардының филиалдарына барған жөн. Бағы жанған клиенттер маусымның біріне дейін өзіне тиесілі сыйлықтарды алып кете алады. Тек жеке куәлігі өзімен бірге болуы шарт.

 

Айдана Демесінова