ТЖ

Саяжайларда өрттің алдын алу

 

Бүгінде қала аумағында 136 саяжай кооперативі бар. Өрт қаупі басым уақыт басталғалы 2 факті тіркелген. Тағы 8 жағдай қоқысты жағу кезінде орын алыпты. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары саяжай иелерімен жиын өткізді.

 

Алмас Әбілқайыров, Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының  міндетін уақытша атқарушы:

– Қауіпті өрт маусымы кезеңінде саяжай қоғамдарында өрт фактілері жиі-жиі кездесіп тұрады. Оған себеп – көктемде аумақты жинастыру барысында қоқыстарды тұтатқаннан кейін қараусыз қалдыру.

 

Жақында бір өрт оқиғасы “Элегия» бағбандық серіктістігінде болыпты. Саяжай Мамлют тас жолының бойында орналасқан. Қураған шөп пен шырпы көбінесе көлік жүргізушілерінің терезеден лақтырған темекі тұқылынан тұтанып жатады дейді бағбандық серіктестік төрайымы.

 

Людмила Шилкина, «Элегия» бағбандық серіктестігінің төрайымы:

– Бізде саяжайларда өрт жиі болып тұрады. Сол себепті де 4 жылдан бері жол жиегін жыртуға байланысты көмек сұрап келеміз. Аса көп аумақ емес, дегенмен, техниканың күші қажет.

 

Өткен жылы қаладағы саяжайларда барлығы 53 өрт оқиғасы тіркеліп, 2 млн теңгенің шығыны келген. Сол себепті де құтқарушылар саяжайшыларға өте сақ болу қажеттігін ескертеді.

 

Әспет Әбдірешова