Қоғам

Бір шаңырақ астында

 

Тәуелсіз Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мекен бола білді.Олар бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешуде. 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі. Осыған орай Ғ.Мүсірепов атындағы балалар-жасөсіпірімдер кітапханасында мектеп оқушылары үшін арнайы шара ұйымдастырылды. Оған қатысқан балалар әр ұлттың дәстүрі мен тілінен хабар беретін сұрақтарға жауап беріп, викториналық ойындар ойнады. Жиынға №1 орта мектептің оқушылары қатысты. Олар шара барысында әр ұлттың халық ауыз әдебиеті жайында да мол мағлұмат алды.

 

Наталья Островская, №1 орта мектептің оқушысы:

– Елімізде қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің сыныпта да түрлі ұлт өкілдері бар. Бәріміз жақсы доспыз. Бүгін біз көп нәрседен хабардар болдық.

 

Сонымен қатар, балалар халықтар достығынан сыр шертер кітап көрмесін тамашалау мүмкіндігіне де ие болды.

 

Әспет Әбдірешова