Қоғам

Ұлы Жеңіс күніне арналған сенбілік

 

Көктем келісімен облыс орталығын абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Сол себепті, әр апта сайын тазалық сенбіліктер өтуде. Бұл жолғы игі шара Ұлы жеңіс күніне орай ұйымдастырылды. Тазалық шарасына шамамен 170-ке тарта студент қатысып, “Мәңгілік алау” ескерткішінің маңын күллі қоқыстан арылтты.

 

М. Жұмабаев атындағы гумманитарлық колледжден сенбілікке 25 студент қатысып отыр. Олар ескерткіштің маңайындағы ағаштың жапырақтарын және тұрмыстық қалдықтарды тазалады. “Таза жеңіс” акциясы аясында алдағы уақытта да сенбіліктер жалғасады.

 

Гүлбану Ахметова