Білім

ҰБТ-ның электрондық нұсқасы сынақтан өтуде

 

Биыл “Бэст” мектеп-гимназиясын 63 оқушы тәмамдайды. Олар қазір ҰБТ-ден өтуге қызу дайындық үстінде. Түлектер бүгін компьютерде сынақ тапсырудың жаңа электрондық нұсқасын сынап көрді. Негізі бұл өзгешелік елімізде 2015 жылдан бастап енгізілмек. Әзірге, компьютерлік бағдарламаны жетілдіру қажет. Оқушылар оның олқы тұстары да бар дейді.

 

Фарида Гусейнова, гимназия оқушысы:

-Негізінен ыңғайлы екен, жауаптарды бояудың қажеті жоқ. Барлығы ғаламторға байланысты болған соң, сенімсіздік тудырады. Өйткені, бағдарлама кейде тоқтап қалады. Жауаптарды бірден шығармайды.

 

Болашақта енгізілетін тестілеудің жаңа үлгісі өңірде екі мектепте сыналды. Ағымдағы жылы ҰБТ дәстүрлі қағаз түрінде өтеді.

 

 

Гүлбану Ахметова