Мәдениет

“Глория” фестивалі

Бұл «Глория» фестивалі Петропавлда биыл 19-шы рет ұйымдастырылып отыр.  Жеңімпаздар дәстүрлі түрде автор, орындаушы, ансамбль, дуэт аталымдары бойынша анықталады. Байқаудың қазылар алқасы құрамында мәскеулік белгілі музыканттар да бар. Байқау бағдарламасы үш күнге жоспарланған. Қатысушылардың әрқайсысы жеке бағдарлама әзірлеген.

 

Ольга Якушева, фестивальға қатысушы, Кольцово қаласы:

– Мен Вера Матвееваның әндерін орындаймын, оның әндері маған өте ұнайды.

 

Жыл сайын фестивальға қатысушылардың қатары да, олардың орындаушылық шеберліктері де артып келеді.  Жастар алдында белгілі орындаушылар өнер көрсетеді. Солардың бірі мәскеулік бард Павел Фахртдинов фестивальға екінші рет келіп отыр.

 

Павел Фахртдинов, бард, Москва қаласы:

– Мен биыл да шақыру алдым, сондықтан фестивальға тағы да келдім. Өткен жылы өте ұнаған болатын. Фестивальға қатысушылар көздері жайнап, бәрін білгілері келіп тұрады. Мұнда керемет тартымды орта  бар.

Жеңімпаздар жас ерекшеліктері бойынша үш топта анықталды. “Автор”  аталымында ересектер арасында Юлия Выгодянская лауреат атанды.

 

Юлия Выгодянская, фестиваль лауреаты, Петропавл қаласы:

– Мен өткен жылы орындаушы ретінде қатысып, дипломант атанған едім. Биыл автор ретінде лауреат болдым. Мен үшін күтпеген қуаныш.

 

Фестиваль лауреаттары мен дипломанттары шараның ұйымдастырушылары мен демеушілер әзірлеген грамоталар мен сыйлықтарға ие болды.