Қоғам

Сарбаздар мергендік сынасты

 

Оқу-әдістемелік жаттығулар барысында әскери бөлімнің сарбаздары өздерінің осыған дейін үйренген машықтарын көрсетті. Бірінші тапсырмалардың бірі автоматты гранатаметтан 300 метрдегі нысананы көздеп ату. Жүктелген міндетті олар ойдағыдай орындауға тырысты.

Ал келесі жаттығулардың бірі снайперлік жұпта винтовкамен ату болды. Бұл тапсырмада нысананы дәлдеп ату 6637 әскери бөлімінің сарбазы Жантілеу Ақбердиевке жүктелді.  Әскери оқу-әдістемелік жаттығулар сарбаздардың бойында отансүйгіштік қасиетті оятады дейді әскерилер. Сондықтан да әскерилердің атыс шеберлігін шыңдайтын жаттығулардың өткізілуі орынды.

 

Ерхан Мұсалимов, 6637 әскери бөлімінің взвод командирі:

– Жауынгерлерді әскери өмірге қажетті машықтарға үйретеміз. Соның ішінде нысанаға көздеп ату, қару-жарақпен қалай жұмыс істеу керектігін біздің сарбаздар жақсы меңгерген.

 

Әскерилердің оқу-әдістемелік жаттығуларын СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері бақылады. Жалпы мұндай  жаттығулар жыл сайын өткізіледі.

 

Әспет Әбдірешова