Қоғам

Чернобыль атом-электр станциясындағы апатқа биыл 27 жыл толды

Қуандық Тюлегенов Чернобыль атом электрстанциясындағы апатта қаза тапқандардың құрметіне 2011 жылы тұрғызылған ескерткіштің маңайына жиі келіп тұрады екен. Ол 1986 жылғы әлемді дүр сілкіндірген жарылыс орын алғанда Украинада әскери борышын өтеп жүрген. Сол кезде не бары 20 жасқа жаңа толған бозбала ядролық апатты залалсыздандыруға қатысқан. Содан бері талай уақыт өтсе де, ядролық жарылыстың болғаны әлі есімде, кесірін де тартып жүрмін дейді.Жарылыста қаза тапқандарды еске алуға жиналған петропавлдықтар мен апат куәгерлері 1 минуттық үнсіздіктен кейін, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ядролық жарылыстың орын алғанына биыл 27 жыл болды. Ал, одан зардап шегіп, денсаулықтарынан айырылған жерлестеріміздің қатары жыл санап сиреп барады. Бүгінде ядролық апатты ауыздықтаған 2 мыңға жуық солтүстікқазақстандықтың 420-ң ғана көзі тірі. Бірақ, көпшілігі мүгедек болып қалған.

 

Гүлбану Ахметова